16.06.2025

Ағымдағы шоттарға қызмет көрсету бөлігінде жеке тұлғаларға банктік қызмет көрсету шарттарын орындаудан біржақты бас тарту туралы хабарлама

Уведомление об одностороннем отказе от исполнения договоров банковского обслуживания физических лиц в части обслуживания текущих счетов

Құрметті клиенттер [1]!

«Төлемдер және төлем жүйелері туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 29-бабының 1 тармағына сәйкес Банк клиенттің банктік шотында 1 (бір) жылдан астам ақша қозғалысы және ақша болмаған жағдайда банктік шот шартын орындаудан бас тартуға құқылы.

«Фридом Банк Қазақстан» АҚ операцияларын жүргізудің, банктік шоттар мен төлем карталарын ашудың, жүргізудің және жабудың жалпы шарттарының 4.23 тармағына сәйкес Банктің құқықтары:

Егер Клиенттің Шоты/Төлем картасының шоты бойынша (Картаның қолданыс мерзімі өткен) ақша қозғалысы болмаған (шотты жүргізгені үшін Банктің комиссиясын алу жөніндегі операцияларды қоспағанда) (болған жағдайда) және/немесе осындай шотта күнтізбелік 1 (бір) жыл ішінде ақша болмаған жағдайда, Банк Клиентке аталған шотта ақшаның және ақша қозғалысының болмағаны жөнінде және Хабарлама жіберілген күннен бастап 3 (үш) ай өткенде бұл шоттың жабылатыны туралы Жалпы шарттарда көзделген кез келген қолжетімді тәсілмен хабарлайды. Егер Клиент Хабарлама жіберілген күннен бастап 3 (үш) ай ішінде осындай шот бойынша операцияларды қайта бастамаған жағдайда, Банк жинақ шотын, мемлекеттік бюджеттен және (немесе) Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін жәрдемақыларды, әлеуметтік төлемдерді немесе мемлекеттік бюджеттен және (немесе) Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан және (немесе) ерікті жинақтаушы зейнетақы қорынан төленетін зейнетақыларды, сондай-ақ алименттерді (кәмелетке толмаған және еңбекке жарамсыз кәмелетке толған балаларды асырап-бағуға арналған ақша) арналған шоттарды қоспағанда, Клиенттің шотына қызмет көрсетуді біржақты тәртіппен бұзады, тоқтатады және осындай шотты жабады.

«Фридом Банк Қазақстан» АҚ операцияларын жүргізудің, банктік шоттар мен төлем карталарын ашудың, жүргізудің және жабудың жалпы шарттарының 11.1-тармағының 4-тармақшасында Банктің Клиенттерге хабарламаны бұқаралық ақпарат құралдарында немесе Банктің офистерінде ақпаратты орналастыру арқылы немесе Банктің интернет желісіндегі ресми сайтында жариялау арқылы жеткізу құқығы көзделген.

Осымен Банк Сізге біржақты тәртіппен банктік шот шартын (соның ішінде төлем картасына пайдаланылатын ағымдағы шотты) орындаудан бас тартатыны туралы, сондай-ақ бір жылдан астам уақыт бойы ақша болмаған және ақша қозғалысы болмаған ағымдағы шоттарды (соның ішінде төлем картасына пайдаланылатын ағымдағы шотты) осы Хабарлама жарияланған күннен бастап 3 (үш) ай ішінде жабатыны туралы хабарлайды.