«Фридом Банк Қазақстан» АҚ – жеке және заңды тұлғаларға, жеке кәсіпкерлерге арналған бөлшек және цифрлық қаржылық қызметтерге маманданған әмбебап банк. Дамыған филиалдар желісі арқылы Банк мынадай цифрлық өнімдерді ұсынады: ипотекалық және тұтынушылық кредит беру, автокредит беру, ЖК мен ЖШС-ға кредит беру, есеп айырысу-кассалық қызмет көрсету, шоттарды ашу/жүргізу, қаржыландыру, банктік кепілдіктер, эквайринг, корпоративтік карталар, жалақы жобалары және басқа да банктік қызметтер. Бизнес-этикамыз қарапайым әрі түсінікті: жылдам, қолжетімді және инновациялық банк. Банктің мақсаты – Қазақстанда жеке және заңды тұлғаларға арналған цифрлық банкингтің жаңа стандарттарын белгілеу. 2026 жылғы 7 шілдеде Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі «Фридом Банк Қазақстан» АҚ-ға № 1.1.551.129 әмбебап банктік лицензия берді. Банк Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қорының және Қазақстан қор биржасының (KASE) қатысушысы болып табылады.
«Фридом Банк Қазақстан» АҚ – банк туралы
Freedom банкі сандармен
| Көрсеткіш | Мәні | Күні/дереккөз |
|---|---|---|
| Жиынтық активтер | 2,607 трлн ₸ | 01.04.2026 ж. жағдай бойынша, KASE |
| Жиынтық капитал | 254,9 млрд ₸ | 01.04.2026 ж. жағдай бойынша, KASE |
| Таза пайда | 8,18 млрд ₸ | 01.04.2026 ж. жағдай бойынша кезеңде, KASE |
| S&P Global Ratings | «BB- »; «kzA-» | болжам «Тұрақты», 2026 жылғы маусым |
| Moody’s Ratings | Ba3 | ұзақ мерзімді депозиттік рейтингтер; болжам «Тұрақты», 2026 жылғы наурыз |
Басшылық
Айдос Жұмағұлов, Корпорацияның Chief Banking Officer-і – «Фридом Банк Қазақстан» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі. А.Б. Жұмағұлов мырза – қаржы секторында 20 жылдық жұмыс тәжірибесі, соның ішінде басшылық лауазымдарда 15 жылдан астам тәжірибесі бар цифрлық банкинг саласының сарапшысы. Ол бірыңғай корпоративтік басқаруды және инновациялық қаржылық өнімдерді жаһандық деңгейде ауқымдандыруды қамтамасыз ете отырып, бүкіл әлем бойынша холдингтің барлық банктерін цифрландыруға, стратегиялық трансформациялауға және технологиялық дамытуға жауап береді. Гүлфайруз Ахметова, Басқарма Төрағасы. Г.А. Ахметова ханымның Қазақстанның қаржы саласында 20 жылдық жұмыс тәжірибесі бар. Еңбек жолын «Альянс Банк» АҚ-да бөлшек бизнес жөніндегі маман болып бастап, «Альянс Банк» АҚ, «Темір Банк» АҚ, «ForteBank» АҚ және «Банк Kassa Nova» АҚ-да әртүрлі басшылық лауазымдарды атқарған. 2020 жылғы 29 желтоқсаннан бастап «Фридом Банк Қазақстан» АҚ Басқарма Төрағасы лауазымын атқарады. Тимур Агдавлетов, Басқарма Төрағасының бірінші орынбасары. Т.С. Агдавлетов мырзаның қаржы, қазынашылық және банктік институттарды басқару саласында 18 жылдан астам еңбек өтілі бар. Бұған дейін Kassa Nova Банкі, ForteBank, АТФ Банк және басқа да қаржы ұйымдарында басшылық қызметтерді атқарған. 2021 жылғы 15 қаңтардан бастап «Фридом Банк Қазақстан» АҚ Басқарма Төрағасының бірінші орынбасары лауазымын атқарады. Ольга Дрычкова, Басқарушы директор. О.С. Дрычкова ханымның Қазақстанның қаржы саласында 19 жылдық жұмыс тәжірибесі бар. Бұған дейін БТА Банкте, Астана Банкінде, Хоум Кредит Банкте және басқа да қаржы ұйымдарында басшылық позицияларды атқарған. 2020 жылғы 29 желтоқсаннан бастап «Фридом Банк Қазақстан» АҚ Басқарушы директоры лауазымын атқарады. Данияр Тажеденов, Басқарушы директор. Д.О. Тажеденов мырза – банктік ақпараттық технологиялар саласында 25 жылдан астам еңбек өтілі бар тәжірибелі басшы. Бұған дейін Kassa Nova Банкі, Цеснабанк, Халық Банкі және басқа да қаржы ұйымдарында басшылық қызметтерде болған. 2020 жылғы 29 желтоқсаннан бастап «Фридом Банк Қазақстан» АҚ Басқарушы директоры лауазымын атқарады. Елнұр Сайлауқұл, Тәуекел-менеджмент басшысы. Е. Сайлауқұл мырзаның Қазақстанның қаржы саласында, соның ішінде кредиттік, қаржылық және операциялық тәуекелдерді басқару, сондай-ақ тәуекелдерді басқару жүйесін жетілдіру бойынша 19 жылдық жұмыс тәжірибесі бар. 2022 жылғы 19 сәуірден бастап «Фридом Банк Қазақстан» АҚ Тәуекел-менеджмент басшысы лауазымын атқарады.
Кредиттік рейтингтер
S&P Global Ratings: «Фридом Банк Қазақстан» АҚ-ның ұзақ мерзімді кредиттік рейтингтері бойынша маусым айындағы болжамын «Тұрақты» деңгейден «Позитивті» деңгейге өзгертті, бұл ретте Банктің рейтингтерін «BB-/B» деңгейінде растады. Сонымен қатар ұлттық шкала бойынша рейтинг «kzA-» деңгейінен «kzA» деңгейіне дейін көтерілді. Moody’s Ratings: ұлттық және шетел валютасындағы депозиттердің ұзақ мерзімді рейтингтері – Ba3. Болжам – «Тұрақты». Рейтингтер 2026 жылғы наурызда берілген.
Акционер
Freedom банкі – негізін қалаушысы әрі мажоритарлық акционері қазақстандық бизнесмен Тимур Турлов болып табылатын Freedom Holding Corp. халықаралық холдингінің еншілес ұйымы. «Фридом Банк Қазақстан» АҚ дауыс беретін акцияларының 100%-ы «Фридом Финанс» АҚ-ға тиесілі.
Қызметтің негізгі бағыттары
Жеке клиенттер үшін: банктік карталар мен шоттар, депозиттер, төлемдер мен аударымдар, валюта айырбастау, ипотека, автокредит беру және тұтынушылық кредит беру. Бизнес үшін: ЖК мен ЖШС шоттарын ашу және оларға қызмет көрсету, кредит беру, депозиттер, банктік кепілдіктер, эквайринг, корпоративтік карталар, жалақы жобалары және интернет-банкинг. Цифрлық сервистер: банктік өнімдер мен күнделікті операциялардың едәуір бөлігі Freedom Bank цифрлық сервистері арқылы қашықтан қолжетімді.
Біздің құндылықтарымыз
Банк қызметінің негізінде клиентке бағдарлану, цифрландыру, жоғары қызмет көрсету деңгейі, бизнесті жауапкершілікпен жүргізу және орнықты даму жатыр. Бұл ретте біз қызмет көрсетудің сапасын, ашықтығын және сенімділігін қамтамасыз ете отырып, клиенттер үшін қарапайым, ыңғайлы әрі технологиялық қаржылық шешімдер жасауға ұмтыламыз. Клиенттер үшін – біз қаржылық қызметтерді ыңғайлырақ, жылдамырақ әрі қолжетімдірек ету үшін технологиялар мен инновацияларды қолдана отырып, клиенттік тәжірибені үздіксіз жетілдіреміз. Қызметкерлер үшін – біз білікті ұжым банктік саланың қарқынды цифрлық өзгеруі жағдайында өршіл міндеттерді жүзеге асыра алатын және құзыреттіліктерін дамыта алатын жағдай жасаймыз. Акционерлер үшін – Банктің ұзақ мерзімді инвестициялық тартымдылығын қамтамасыз ететін бизнестің орнықты өсуі, капиталды тиімді басқару және тәуекелдерге жауапкершілікпен қарау. Қоғам және қаржы нарығы үшін – Банк бизнесті адал жүргізу қағидаттарын ұстанады, корпоративтік мәдениеттің жоғары стандарттарын сақтайды, шешім қабылдау кезінде әлеуметтік және экологиялық факторларды ескеруге ұмтылады, сондай-ақ Freedom инвестициялық валютасы түріндегі кэшбэктер бар ауқымды Ниеттестік бағдарламасын іске қоса отырып, тұтынушылық әдеттерді жинақтау әдеттеріне өзгерту бойынша қаржылық сауаттылық негіздерін қолдайды. Біздің басты активіміз – ортақ құндылықтармен, біліммен және үздіксіз жетілуге деген ұмтылыспен біріккен жас, кәсіби және технологиялық ұжым. Банктің ұзақ мерзімді табысының негізін дәл осы адамдар, технологиялар және клиенттердің сенімі қалыптастыратынын түсіне отырып, біз тең мүмкіндіктерді, құзыреттіліктерді дамытуды және жауапкершілік мәдениетін қолдаймыз.
Біздің мәртебеміз бен рейтингтеріміз
2026
- Қыркүйекте халықаралық рейтингтік агенттік S&P Global Ratings «Фридом Банк Қазақстан» АҚ-ның ұзақ мерзімді кредиттік рейтингтері бойынша болжамын «Тұрақты» деңгейден «Позитивті» деңгейге өзгертті, бұл ретте Банктің рейтингтерін «BB-/B» деңгейінде растады. Сонымен қатар ұлттық шкала бойынша рейтинг «kzA-» деңгейінен «kzA» деңгейіне дейін көтерілді.
- Маусымда S&P Global Ratings кредиттік рейтинг агенттігі рейтингті «тұрақты» болжамымен «ВВ-» деңгейіне дейін көтерді. Ұлттық шкала бойынша рейтинг «kzBBB+» деңгейінен «kzA-» деңгейіне дейін көтерілді.
- Наурызда Moody’s халықаралық рейтингтік агенттігі ұлттық және шетел валютасындағы депозиттердің ұзақ мерзімді рейтингтерін «тұрақты» болжамымен Ba3 деңгейінде берді.
2025
- S&P Global Ratings халықаралық рейтингтік агенттігі болжамды «тұрақтыдан» «позитивтіге» дейін қайта қарап, ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді кредиттік рейтингтерді «B+/B» деңгейінде растады. Ұлттық шкала бойынша Банктің рейтингтері «kzBBB» деңгейінен «kzBBB+» деңгейіне дейін көтерілді.
2024
- S&P Global Ratings халықаралық агенттігі ұзақ мерзімді кредиттік рейтингті «В» деңгейінен «В+» деңгейіне дейін көтеріп, қысқа мерзімді кредиттік рейтингті «В» деңгейінде растады. Ұлттық шкала бойынша банктің рейтингтері «kzBBB-» деңгейінен «kzBBB» деңгейіне дейін көтерілді.
2023
- 2023 жылғы тамызда S&P Global Ratings халықаралық агенттігі ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді кредиттік рейтингтерді «B/B» деңгейінде, ұлттық шкала бойынша «kzBB+» деңгейінде растады.
2021
- 2021 жылғы қазанда S&P халықаралық агенттігі халықаралық шкала бойынша ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді кредиттік рейтингтерді «B-» деңгейінен «B» деңгейіне дейін көтерді, болжам – Тұрақты
- 2020 жылғы 28 желтоқсанда S&P халықаралық рейтингтік агенттігі халықаралық шкала бойынша ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді кредиттік рейтингтерді «B-» деңгейіне төмендетті, болжам – Оң
2019
- 2019 жылғы 4 қазанда S&P халықаралық рейтингтік агенттігі халықаралық шкала бойынша ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді кредиттік рейтингтерді «B/B» деңгейінде растады. Болжам – Тұрақты
- S&P рейтингі «kzBB+» деңгейіне көтерілді – 2018 жылғы шілдеде халықаралық рейтингтік агенттік Банк рейтингін ұлттық шкала бойынша «kzBB» деңгейінен «kzBB+» деңгейіне көтерді
2017
- S&P «В/В» рейтингі көтерілді – 2017 жылғы сәуірде халықаралық рейтингтік агенттік Банк рейтингін халықаралық шкала бойынша «В/С» деңгейінен «В/B» деңгейіне дейін көтерді
- Kassa Nova Банкі MasterCard жүйесінен AETED сертификаттауынан табысты өтті
- Kassa Nova Банкі VISA International халықаралық төлем жүйесінің принципиалды мүшесі мәртебесін алды
2015
- Mastercard Inc халықаралық жүйесінің төлем карталарын шығару
- Рейтингті растау
- Standard&Poor’s халықаралық рейтингтік агенттігі Kassa Nova банкінің кредиттік рейтингін халықаралық шкала бойынша «B» және ұлттық шкала бойынша «kzBB» деңгейінде растады. Болжам тұрақты. Жеке тұлғаларға қашықтан қызмет көрсету платформасын – MyKassa интернет-банкингін іске қосу.
2013
- Mastercard халықаралық төлем жүйесінің принципиалды қатысушысы мәртебесі
- Ақтөбе, Павлодар және Қарағанды қалаларында үш жаңа филиалдың ашылуы
- Банк Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қорының қатысушысы болады
2011
- S&P «B/С» рейтингі берілді. Жыл аяғындағы кредит портфелі 35 миллион АҚШ долларын құрады
- Банктің шілдеде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде тіркелуі
- Желтоқсанда алғашқы кредит берілді
2009
- Банктік және басқа да операцияларды жүргізуге лицензия алу