Мерзімі өткен берешекті реттеу дегеніміз не?
Қайта құрылымдау дегеніміз не?
Қандай жағдайларда қарызды қайта құрылымдауға болады?
- Табыстың қысқаруы – жұмыстың болмауы немесе жалақының төмендеуі;
- Декрет немесе бала күтімі бойынша демалыс;
- Ауыр жарақат немесе ауру салдарынан еңбекке жарамсыздық;
- Әскерде мерзімді әскери қызметін атқару;
- Қарыз алушының әлеуметтік мәртебесінің өзгеруі – Қарыз алушы және онымен бірге тұратын жақын туыстарының бірі халықтың әлеуметтік осал топтарына жатқызылуы.
Қайта құрылымдауға өтінімді қалай беруге болады?
Төлем күнін өзгерту барлық цифрлық өнімдер бойынша жүргізіледі (ерекшелік: Овердрафт ЖК, Freepay, МҚҰ, Даму және 01.04.2022 ж. дейін берілген қарыздар үшін).
- Қарыз алушының жеке кабинетінде (https://cabinet.bankffin.kz/login) мобильді телефон нөмірін, парольді енгізіп, «Кіру» батырмасын басыңыз ;
- Қажетті кредит беру өнімін таңдаңыз;
- Бұдан әрі «Қосымша қызметтер» бөлімін таңдаңыз;
- «Төлем күнін өзгерту» батырмасын басыңыз ;
- «Жаңа төлем күні» батырмасын басып, талаптармен танысу қажет («Талаптармен таныстым және келісемін» жолын белгілеңіз), осыдан кейін «Өтінім беру;
- «ОТП жіберу» басыңыз, бұдан әрі Қарыз алушыға смс-хабарламасы арқылы ОТП-код жіберіледі, кодты енгізіңіз және растаңыз;
- Өтеудің жаңа күнін таңдап, «Жалғастыруды» басу қажет;
- Қарыз алушыға жаңа кестемен бірге өтінімнің нәтижесі және өтінішке жауап хат жіберіледі.
Міндетті түрде жаңа кестемен танысу қажет, өйткені төлем күні өзгергеннен кейін төлем сомасы ай сайынғы төлемнен өзгеше болуы мүмкін. Берілген өтінімнің мәртебесін «Өтінімдер тарихы» бөлімінен көруге болады.
Қарыз бойынша өсімпұлдың күшін жою – онлайн.
Өсімпұлдың күшін жою барлық ипотекалық өнімдер бойынша, сондай-ақ «Автокредит беру», «Цифрлық бизнес-кредит» және жеке тұлғалар мен жеке кәсіпкерлерге арналған басқа да өнімдер бойынша жүргізіледі (ерекшелік - МҚҰ).
- Қарыз алушының жеке кабинетінде (https://cabinet.bankffin.kz/login) мобильді телефон нөмірін, парольді енгізіп, «Кіру» батырмасын басыңыз
- Қажетті кредит беру өнімін таңдаңыз ;
- Мерзімі өткен берешек пен өсімпұл сомалары, сондай-ақ шотта бар ағымдағы сома көрсетіледі;
- «Қосымша қызметтер» бөлімін таңдаңыз
- «Өсімпұлдың күшін жою» батырмасын таңдаңыз
- Тізімнен таңдау арқылы себебін көрсету керек
- Осыдан кейін Қарыз алушы смс-хабарлама арқылы ОТП-код алады, оны енгізу және растау қажет.
Берілген өтінімнің мәртебесін «Өтінімдер тарихы» бөлімінен көруге болады. Қарыз алушы өтінімнің нәтижесін хабарлама түрінде алады.
Маңызды: қарыз алушының Банктегі ағымдағы шоты ақшалай қаражатпен қамтамасыз етілуі тиіс.
Қайта құрылымдаудың өзге түрлері – Банк бөлімшесі.
Кредит бойынша мерзімі өткен күннен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде мерзімі өткен берешекті реттеу үшін кірістің төмендеу себебін көрсетіп, растайтын құжаттармен қоса өтініш беріңіз. Банк бөлімшесіне келіңіз немесе [email protected] поштасы арқылы жолдаңыз. Банк өтінішті алғаннан кейін күнтізбелік 15 (он бес) күн ішінде өтінішті қарайды.
Менеджер банктің шешімі туралы банктік қарыз шартында көзделген тәсілмен хабарлайды. Банк төмендегілер туралы жауап береді:
- банктік қарыз шартының талаптарына ған өзгерістермен келісетіні туралы;
- банктік қарыз шартының талаптарын өзгерту жөніндегі өз ұсыныстары туралы;
- бас тарту себептерінің дәлелді негіздемесін көрсете отырып, банктік қарыз шартының талаптарын өзгертуден бас тарту туралы.
Қарызды кешенді реттеу
Ондаған жолданымның орнына бір сервис: Қазақстанда кредиттер бойынша борыштарды реттеуге арналған платформа іске қосылады
ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Бірінші кредиттік бюромен бірлесіп кредиттер бойынша берешекті реттеуге арналған finkelisim.kz бірыңғай цифрлық платформасын әзірледі. finkelisim.kz цифрлық платформасы медиация тәртібімен «бірыңғай терезе» қағидаты бойынша банк және микроқаржы омбудсмандары негізінде 2026 жылғы 1 шілдеден бастап жұмыс істей бастайды.
Платформа кімдерге арналған?
Жаңа сервис бір уақытта бірнеше кредитор - банктер, микроқаржы ұйымдары не коллекторлық агенттіктер алдында тұтынушылық кепілсіз кредиттер, яғни мүлік кепілімен қамтамасыз етілмеген кредиттер бойынша мерзімі өткен берешегі бар азаматтарға арналған.
Енді қарыз алушыға берешекті реттеу мәселелері бойынша әрбір кредиторға жеке-жеке жүгіну қажет болмайды. Ол finkelisim.kz платформасында олардың алдында міндеттемелері бар барлық кредитор қарайтын бір өтініш бере алады.
Медиатордың қызметтерін қоспағанда, қарыз алушының ұжымдық реттеу рәсіміне қатысуы тегін. Бұл ретте 2027 жылғы 1 қаңтарға дейін медиатордың қызметтеріне төленетін шығыстар банк және микроқаржы омбудсмандарының есебінен өтелетін болады.
finkelisim.kz платформасы қарыз алушының барлық кредитор алдындағы берешегі туралы мәліметтерді автоматты түрде жинайды және жолданымды қарауға қажетті ақпаратты қалыптастырады.
Жолданымды қарау және кредиторлармен талаптарды келісу нәтижелері бойынша қарыз алушыға 5 жылға дейінгі мерзімге, ал халықтың әлеуметтік осал топтарына жататын азаматтар мен атаулы әлеуметтік көмек алушылар үшін 7 жылға дейінгі мерзімге берешекті өтеудің бірыңғай кестесі ұсынылуы мүмкін.
Платформада кімдер өтініш бере алады?
Платформада өтінішті бір уақытта мынадай өлшемшарттарға сәйкес келетін қарыз алушы бере алады:
- екі және одан да көп кредитор алдында кредиттер бойынша 90 күнге және одан да астам күнтізбелік күнге созылған мерзімі өткен берешегі бар;
- редиттер бойынша жиынтық берешек 150 АЕК- 1 600 АЕК, яғни 2026 жылы 648 750 - 6 920 000 теңге аралығында болады;
- берешек бойынша өндіріп алу туралы сот актілері, нотариустың атқарушылық жазбалары және мәжбүрлеп өндіріп алудың өзге де шаралары жоқ.
Бұл ретте ұжымдық реттеу рәсіміне мынадай қарыздары бар қарыз алушылар қатыса алмайды:
- ипотекалық қарыздар;
- автокредиттер;
- кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға байланысты банктік қарыздар немесе микрокредиттер;
- алаяқтық жолмен ресімделген кредиттер;
- заңнамаға сәйкес мерзімді әскери қызмет өткеретін қарыз алушыларға төлемдерді кейінге қалдыру берілген кредиттер;
- медиация тәртібімен дауды реттеу туралы келісім қолданыста болған кредиттер;
- төлем қабілеттілігін қалпына келтіру, соттан тыс немесе сот банкроттығы рәсімдері қолданылатын берешек.
Платформада қарыз алушының өтінішін қарау рәсімі қалай өтеді?
Ең алдымен қарыз алушы өзінің жеке басын растау және бөгде адамдардың өтініш беруін болдырмау үшін платформада тіркеуден, соның ішінде биометриялық сәйкестендіруден өтуі керек. Содан кейін ол берешекті реттеуге өтініш береді.
Бұдан әрі платформа кредиттік бюроның деректері бойынша қарыз алушының ұжымдық реттеу шарттарына сәйкес келетіндігін автоматты түрде тексереді.
Егер қарыз алушы белгіленген шарттар мен өлшемшарттарға сәйкес келсе, платформа реттеу аясына енгізілуі мүмкін кредиттер тізімін жасайды және бұл ақпаратты кредиторларға жібереді.
Кредиторлар қарыздар бойынша мәліметтерді тексереді және берешек мөлшерін растайды. Осыдан кейін платформада қарыз алушыға қол қою үшін құжаттар жіберіледі: омбудсманның шешімі бар хаттама, қарызды өтеудің бірыңғай кестесі, медиатормен шарт, сондай-ақ әрбір кредитормен медиативтік келісімдер.
Қарыз алушы ұсынылған шарттармен танысып, платформада 72 сағат ішінде құжаттарға қол қоюға тиіс. Егер осы мерзімде құжаттарға қол қойылмаса, бұл реттеу рәсіміне қатысудан бас тарту болып саналады.
Құжаттарға қол қойылғаннан кейін кредиторлар реттеу рәсіміне енгізілген кредиттер бойынша берешекті өндіріп алуды тоқтата тұрады.
Бұдан кейін қарыз алушы бірыңғай кесте бойынша төлемдерді енгізеді, ал платформа ақшаны берешек мөлшеріне теңбе тең кредиторлар арасында бөледі.
Ұжымдық реттеу рәсімін қолдану және оның аяқталуы туралы ақпаратты кредиторлар кредиттік бюроларға жіберетін болады.
Егер қарыз алушы қол қойылған келiсiмдердiң шарттарын орындамайтын болса, кредитор төлемдердiң 40 күн мерзiмi өткеннен кейiн заңдарда белгiленген тәртiппен берешектi өндiрiп алуға құқылы.
Бұл ретте қарыз алушының берешекті ұжымдық реттеу рәсіміне қайтадан қатысуына жол берілмейді.
Кредиттер бойынша мiндеттемелердi орындауға мүмкiндiгi жоқ қарыз алушылар «Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабiлетiн қалпына келтiру және банкроттығы туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген шарттарға сәйкес келген кезде соттан тыс банкроттық рәсiмiн қолдануға өтiнiш беру туралы мәселенi қарауға құқылы.
Жеке тұлғаның соттан тыс банкроттығына өтініш беру тәртібімен egov.kz электрондық үкімет порталында https://egov.kz/cms/ru/services/economics/pass_P1_mf сілтемесі бойынша танысуға болады.
Берешекті өтеудің бірыңғай кестесі қалай қалыптастырылатын болады?
Бірыңғай кесте қарыз алушының берешегінің жалпы сомасын ескере отырып қалыптастырылатын болады.
Жалпы шарттарда қарыз алушылар үшін:
- жиынтық берешек 1 млн теңгеге дейін болған кезде ең жоғары ай сайынғы төлем 12 ай мерзімге 84 мың теңгені құрайды;
- 5-7 млн теңге аралығындағы жиынтық берешек кезінде ең жоғары ай сайынғы төлем 60 ай мерзімге 117 мың теңгені құрайды.
Халықтың әлеуметтік осал топтарына жататын қарыз алушылар мен атаулы әлеуметтік көмек алушылар үшін неғұрлым жеңілдетілген жағдайлар көзделген:
- жиынтық берешек 1 млн теңгеге дейін болған кезде ең жоғары ай сайынғы төлем 18 ай мерзімге 56 мың теңгені құрайды;
- 5-7 млн теңге аралығындағы жиынтық берешек кезінде ең жоғары ай сайынғы төлем 84 ай мерзімге 84 мың теңгені құрайды.