02.10.2026
Freedom Банкі 28 қыркүйектен бастап FinOtinish цифрлық платформасына қосылып, жобаның алғашқы банкі болып енді, осылайша өз клиенттеріне өзара әрекеттесуге және құқықтарын қорғауға арналған жаңа, толығымен ашық цифрлық орта ұсынды.
Платформаның өзін Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі (ҚНРДА) пилоттық режимде іске қосты. Енді клиенттер алған қаржылық қызметіне байланысты сұрақтары немесе даулы жағдайлары туындаған кезде, FinOtinish платформасы арқылы Freedom-ға ресми түрде жүгіне алады.
Платформа өтініштерді қарау процесін мейлінше ашық етіп, әрбір кезеңді онлайн қадағалауға мүмкіндік береді. Сервисті пайдалану ерікті әрі толығымен тегін.
Бірыңғай жүйе клиенттердің одан әрі өтініш білдіруін де жеңілдетеді. Егер сіз ресми жауаппен келіспесеңіз немесе оны белгіленген мерзімде алмасаңыз, FinOtinish платформасы арқылы банк омбудсманына тікелей жүгінуге болады.
Өтініш беру процесі түсінікті әрі толық цифрландырылған. Ол үшін пайдаланушы finotinish.kz сайтына өтіп, ұйымдар тізімінен Freedom-ды таңдауы, мәселенің мән-жайын толық баяндауы және қолда бар барлық растайтын құжатты (келісімшарттар, чектер, үзінді көшірмелер немесе хат-хабарлар) тіркеуі қажет. Рәсім eGov Mobile қосымшасының көмегімен өтінімге онлайн қол қоюмен аяқталады. Осыдан кейін клиенттер өз сұрағының қаралу мәртебесін нақты уақыт режимінде қадағалап, платформадағы жеке кабинетінде ресми жауап ала алады.
Назар аударыңыз, бұл платформа Сіздің құқықтарыңыздың бұзылуына немесе банк әрекетіне (әрекетсіздігіне) келіспеуіңізге қатысты мәселелер бойынша өтініштер беруге арналған. Өнімдер мен қызметтер, олардың шарттары туралы анықтамалық ақпарат алу және жалпы кеңес алу үшін үйреншікті әрі жедел арналар: SuperApp, ресми сайт және Freedom байланыс орталығы жұмысын жалғастыра береді.