02.06.2025

«Өрлеу» бағдарламасы бойынша «Даму» қорымен келісім

Соглашение с Фондом «Даму» по программе «Өрлеу»

Freedom Bank «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қорымен микро, шағын және орта жеке кәсіпкерлік субъектілерін кейіннен қаржыландыру үшін "Өрлеу" өніміне қатысу туралы келісім жасасты.

Кәсіпкерлер бизнеске жылдық 12,6% жеңілдетілген мөлшерлеме бойынша несие алуға мүмкіндік алды (ЖТСМ 13,1%-дан 15,2%-ға дейін).

«Өрлеу» бағдарламасы шағын және орта бизнес субъектілеріне 120 айға дейінгі мерзіммен 7 млрд.теңгеге дейін несие алуға мүмкіндік береді. Бұл ретте ол кәсіпкерлік қызметтің кең ауқымды бағыттарын қамтиды.

«Өрлеу» бағдарламасы бойынша несие алу үшін кәсіпкерлерге жақын жердегі Freedom Bank бөлімшесіне хабарласу қажет.