28.04.2025
Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Үкіметпен, «Бәйтерек» холдингімен және екінші деңгейдегі банктермен бірлесіп құрылған «Даму» Қоры базасында Қазақстандағы алғашқы шағын және орта бизнеске арналған кепілдік қоры бастапқы нәтижелерін көрсетіп отыр.
Құралдың тиімділігі мен тартымдылығы банктердің кепілдік беру лимиттерін ұлғайту
үшін Кепілдік қорына
өздерінің ерікті жарналарын жүзеге асыруға дайындығымен расталады.
Осылайша, Freedom Bank Кепілдік қорына жарна салған алғашқы банк болды.
Freedom Bank-те қазіргі уақытта 50 млрд теңгеден астам сомаға жобалар
қаралуда, олардың бір бөлігі де кепілдікпен қамтамасыз етілетінін атап өтті.
Жобалардың 70% - дан астамы жаңа өндірістерді іске қосуды, жабдықтар сатып
алуды және құрылысты қоса алғанда, инвестициялық мақсаттарға бағытталған. Өтінімдердің
ең көп саны өңдеу өнеркәсібінде мақұлданған - барлық берілген қарыздардың
шамамен 40%-ы. Сондай-ақ, көлік-логистика саласында, денсаулық сақтау мен білім
беруде жоғары сұраныс байқалды.
Екінші деңгейдегі банктерде қаражатты портфельдік орналастыру есебінен ШОБ
үшін Кепілдік қоры Бизнестің кредиттеуге қолжетімділігін кеңейтеді, бұл
кәсіпкердің кепілі жеткіліксіз болған жағдайларда кредиттер бойынша
қаржыландыруды 7 млрд теңгеге дейін
жылдам алуға мүмкіндік береді.
Қордың кепілдігі Банктер үшін несиелік тәуекелдерді төмендетудің тиімді
құралына айналды. Бұл оларға Мемлекет басшысы мен Үкімет қойған міндеттерге
сәйкес келетін экономиканың нақты секторын белсенді қаржыландыруға мүмкіндік
береді.
Жаңа механизм бизнеске бірқатар маңызды артықшылықтар береді. Алдыңғы
бағдарламалардан айырмашылығы, Қордың кепілдіктері сөзсіз және қайтарылмайтын
болып табылады, бұл олардың күшін жою мүмкіндігін болдырмайды. Кредит пен
кепілдіктің шекті сомасы да, жабу үлесі де - жаңадан бастаушылар үшін де, жұмыс
істеп тұрған кәсіпкерлер үшін де 85% - ға дейін айтарлықтай ұлғайтылды.
Кепілдік шығаруға өтінімдерді қарау мерзімі екі жұмыс күніне дейін қысқартылды.
Кепілдік құны ШОБ үшін 1,5% және ірі жобалар үшін 2% құрайды.
Кепілдік алу үшін кәсіпкерлер Freedom Bank-тің кез келген бөлімшесіне
жүгінуі қажет, сондай-ақ Қордың өңірлік филиалдарынан немесе Call-орталықтан
1408 нөмірі бойынша кеңес алуға болады.