05.04.2024

Freedom Bank су тасқыны салдарынан зардап шеккен қарыз алушыларға төлемдерді кейінге қалдыруды ұсынады

Freedom Bank предоставляет отсрочку платежей заемщикам, пострадавшим в результате паводков

Freedom Bank мемлекет Басшысының су тасқыны салдарынан төтенше жағдай аудандарында зардап шеккендерге көмек көрсету жөніндегі Тапсырмасы аясында төмендегідей қолдау шараларын көрсетуге дайын:

— Жергілікті атқарушы органдардың тізімдеріне сәйкес зардап шеккендер санатына жатқызылған жеке тұлғалар мен дара кәсіпкерлердің кредиттері бойынша 2024 жылғы 1-сәуірден бастап 2024 жылғы 30-маусымға дейінгі 3 ай мерзімге негізгі борыш пен сыйақыны өтеу бойынша кейінге қалдыру ұсынылсын.

— Зардап шеккен азаматтардың су тасқынының теріс әсерінен қаржылық жағдайы нашарлаған жеке тұлғалардың барлық кредиттері бойынша Банк төлемдерді кешіктіргені үшін айыппұлдар мен өсімпұлдарды есептемейді.

Төлемдерді кейінге қалдыруға өтініш қалай беріледі:

1. Қол қойылған Өтінішті [email protected] почтасына, +7 776 159 55 95 WhatsApp номеріне немесе 595 номеріне қоңырау шалыңыз.

2. Су тасқынының теріс әсерінен қаржылық жағдайдың нашарлауын растау үшін барлық қажетті құжаттарды ұсыныңыз*

3. Банк Өтінішті 15 күнтізбелік күн ішінде қарайды.

4. Банктің менеджері Өтініші қарау нәтижелері туралы хабарлайды.

Төтенше жағдайға байланысты төлемдерді кейінге қалдыруды ұсынуға Өтініш нысаны

Қаржылық жағдайдың нашарлауын растайтын құжаттар тізбесі

*Құжаттар пакеті қарыз алушы жергілікті атқарушы органдардан алынған зардап шеккендер тізімінде болмаған жағдайда ұсынылады және/немесе қарыз алушыға қайта құрылымдаудың қосымша шарттары талап етіледі.

Төлемдерді кейінге қалдырмай өсімпұлдарды/айыппұлдарды жою үшін төлем жасау кезінде өсімпұлды жою жөніндегі Нұсқаулықты орындаңыз.

Жеке кәсіпкерлерге төлемді кейінге қалдыруға қалай өтініш беруге болады:

1. Өтініш беру үшін Нұсқаулықты орындаңыз.

2. Банк Өтінішті 15 күнтізбелік күн ішінде қарайды.

3. Банк менеджері Өтінішті қарау нәтижесі туралы хабарлайды.

Төлемдерді кейінге қалдырмай өсімпұлдарды/айыппұлдарды жою үшін төлем жасау кезінде өсімпұлды жою жөніндегі Нұсқаулықты орындаңыз.