30.01.2023
«Банк Фридом Финанс Қазақстан» АҚ (бұдан әрі – Freedom Bank) Қазақстанның бейрезиденттеріне Freedom Bank-те банк картасын қашықтан алу қызметі туралы интернетте тараған ақпараттың шындыққа жанаспайтынын хабарлайды. Банк карталарын қашықтықтан ашу қызметтері шетелдік азаматтарға көрсетілмейді.