03.07.2026

Интернет-эквайринг қызметтерін көрсету туралы үлгілік шартқа өзгерістер мен толықтырулар

Изменения и дополнения в типовой договор оказания услуг интернет-эквайринга

Құрметті клиенттер!

«Фридом Банк Қазақстан» АҚ Интернет-эквайринг қызметтерін көрсету туралы үлгілік шартқа өзгерістер мен толықтырулардың енгізілгені туралы хабарлайды.

Өзгерістер мен толықтырулар Шарт талаптарын халықаралық төлем жүйелерінің талаптарына сәйкестендіруге, алаяқтық операцияларға қарсы іс-қимыл рәсімдерін жетілдіруге, сондай-ақ Шарттың жекелеген ережелерін өзектендіруге бағытталған.

Атап айтқанда, Шартқа мынадай өзгерістер енгізілді:

- Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Антифрод орталығының дерекқоры бойынша тексерулер жүргізуге қатысты ережелер енгізілді;

- алаяқтық операциялардың алдын алуға байланысты жекелеген терминдер мен ережелер нақтыланды;

- халықаралық төлем жүйелерінің тауар белгілерін пайдалану тәртібі олардың қағидаларына сәйкес жаңартылды;

- сыбайлас жемқорлыққа қарсы ережелер жаңартылды;

- Тараптардың жекелеген құқықтары мен міндеттері нақтыланды;

- тыйым салынған қызмет түрлерінің тізбесі толықтырылды;

- интернет-дүкенді тіркеу кезінде Банкке ұсынылатын мәліметтерге қойылатын талаптар жаңартылды.

Шарттың жаңа редакциясы алдын ала танысу үшін Банктің ресми сайтында орналастырылды.

Өзгерістер 2026 жылғы 19 шілдеден бастап күшіне енеді.

Көрсетілген күнге дейін Шарттың қолданыстағы редакциясы өзекті болып табылады.